Коронавирусқа қарсы вакцина бар да, тиімді дәрі-дәрмек жоқ. Ресей эпидемиология Орталық ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Александр Горелов оның себебін түсіндірді. “Мамандар бірден дәрі-дәрмек жасауға кіріспеді, өйткені бәрі бұл маусымдық инфекция деп ойлады. Қазір бұл бағытта жұмыстар басталды. Вакцина жасауға қарағанда дәрі-дәрмек жасау ұзақ уақыт алады. Көп қаражатты қажет етеді. Зерттеулер одан әрі жалғасады. Егер вирус маусымаралық болса, олар тоқтайды”, – деді Горелов. Оның айтуынша, қызылша мен құтыру секілді ауруларда да дертке қарсы вакцина бар да, дәрі-дәрмек жоқ. Инфекционист кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу тезірек екенін жеткізді.