Педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді

Педагогтерді жұмысқа қабылдау жүйесі өзгереді. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов осылай деп мәлімдеді. Қыркүйектен бастап педагогтер жұмысқа конкурс арқылы қабылданады. Конкурс электронды форматта өтеді. Айта кетейік, мұның алдында мұғалімді мектеп директоры қабылдайтын. Министр қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің директорларын тағайындау жүйесі де өзгеретінін айтты. «Бұл балалар үйі мен колледждерге, мектептерге де қатысты. Қыркүйектен бастап білім беру мекемелерінің директорларына алғаш рет ротация енгізіледі. Бұйрыққа қол қойылды», – деді Асхат Аймағамбетов.