Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов коронавирусқа қарсы вакцинаны егу тәртібін түсіндірді. Екпе тегін салынады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Оның айтуынша, адам соңғы алты айдың ішінде коронавируспен ауырып шықса, вакцина салудың қажеті жоқ. Бұдан бөлек, жүкті әйелдерге, ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдарға, 18 жасқа толмағандарға және 65 жастан асқандарға салынбайды. Бұдан бөлек, бірқатар ауруға шалдыққан адамдарға абай болу керек. Ал вакцинаның бірінші компонетінен кейін адамның жағдайы нашарласа, екіншісі салынбайды. Қазақстанда биыл 1 ақпанда жаппай вакцинациялау басталады.