Бекшин қазақстандық вакцина туралы: оның тиімділігіне күмәнім жоқ

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мен қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қандай вакцина салдыратынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Спутник V вакцинасын салдыруды жоспарлап отырмын”, – деді Табынбаев. Ал қаланың бас санитар дәрігері қазақстандық вакцина салдырғысы келеді. Айта кетейік, Бекшин 2020 жылдың маусымында инфекция жұқтырған. “Қазақстандық вакцина салдырғым келеді. Оның тиімділігіне күмәнім жоқ”, – деді Бекшин.