15 ақпан күні Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі ПТР тестімен расталған коронавируспен 772 науқас, 4 өлім, ПТР тестімен расталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша коронавирусқа ұқсайтын пневмониямен 19 науқас, 2 өлім тіркелгенін хабарлады. Осылайша, ПТР тестімен расталған науқастардың жалпы саны 202 573-ке жетіп отыр. Ресми статистика бойынша, оның 2646-сы коронавирус ауруынан қайтыс болған.