Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 7 адам қаза болды

Алматы облысында жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысты. Жол апатынан жеті адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қайғылы оқиға “Алматы – Өскемен” автожолының 342 шақырымында болды. “Алдын ала болжам бойынша, ” Nissan Qashai” жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған Volvo жүк көлігімен соқтығысқан”, – деп мәлімдеді полиция департаменті. Оқиға орнында алты адам көз жұмған, тағы бір адам ауруханаға барар жолда жан тапсырды. Тергеу басталды.