Қайғылы жағдайдың екеуі – Түркістан облысында, біреуі – Павлодар облысында тіркелді. Қайтыс болғандар 72 және 58 жас аралығында. Қазіргі уақытта Коронавирус инфекциясы салдарынан республика бойынша көз жұмғандардың саны 61 адамға жетті. “Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдап отыр.
Нұр-Сұлтанда туған анасын өлтірді деген күдікпен қорғаушы қамауға алынды.
Ол бұрынғы жоғары шенді әскери прокуратура қызметкері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Белгілі болғандай, 45 жастағы Құмар Бердалин подполковник атағында әскери прокуратурадан кетіп, адвокат болып жұмыс істеген. Оқиға орын алған күні қорғаушының пәтерінен айғай-шу естілген. Оның анасының соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Өзі қамауға алынды.