Жол апатына себепкер болған актер – Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылды

Еске сала кетейік, актер мас күйде жол апатына түскен болатын. Михаил Ефремов 12 жылға сотталуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жол апаты 8 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 23:00-де Мәскеу орталығындағы Смоленск алаңында болған. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан. Lada жүргізушісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.