Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты. Өткен тәулікте төрт қазақстандық коронавирустан және бір адам пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. 12 ақпандағы жағдай бойынша 24 847 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр. Стационарда 5 372 науқас жатыр. Ал 19 475 науқас үйде ем қабылдауда. Коронавирус пен пневмония жұқтырғандар арасында 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқас өте ауыр жағдайда, 44 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.