Мамин кімдердің жалақысы 330 мың теңгеден асатынын айтты

2023 жылға қарай педагогтердің айлығы екі есе өсіп, 330 мың теңгеден асады. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. “Педагогтердің жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе, 330 мың теңгеден асатын болады. Орташа жалақы жыл сайын кемінде 25 процент өседі”, – деді Мамин. Айтуынша, 2023 жылға қарай білім беру жүйесі білікті мұғалімдермен 100 процент қамтылады.