7 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны тестпен дәлелденген 670 адам анықталды, 18 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылды. ПТР-тест нәтижесі оң шыққан науқастар арасында бір күнде 8 адам өлімі тіркелді. Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болған. 1 тамыздан бері 43 124 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 31 мыңға жуығы жазылған, 456 адам қайтыс болған. Наурыз айынан бері 137 653 адамға коронавирус жұққаны тестпен расталған. Осы уақыт аралығында ПТР-тест нәтижесі оң көрсеткен науқастар арасында 2096 адам өлімі тіркелген.