25 сәуірде Қазақстанда 2716 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл туралы 26 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Жексенбі күні Алматыда 693 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Бұл республика бойынша бір күн ішінде тіркелген ең жоғары көрсеткіш. Қазір 42 549 адам коронавирустан емделіп жатыр. 42 100-інің коронавирус тесті оң шыққан. 769 адамның жағдайы ауыр, 179 адамның жағдайы өте ауыр. 113 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.