Күзетшіні атып, артынан 17-қабаттан секіріп мерт болған адам Ресей азаматы болып шықты

Алматыда аңшы мылтығымен оқ жаудырып, қаланы дүрліктірген ер кісінің Ресей азаматы екені белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан ішкі істер министрлігі хабарлады. “Тергеу барысында күдікті РФ азаматына оқ-дәрілері бар қарудың тиесілігі анықталады” делінген полиция хабарламасында. 24 сәуірде Алматыдағы “Бұхар Жырау Тауэрс” тұрғын үй кешенінде аңшы мылтығымен қаруланған 56 жастағы азамат кешен күзетшісімен ерегісіп қалып, оған оқ атқан. Артынан биік үйдің 17-қабатындағы пәтерге тығылып, сол жерде 30-ға жуық оқ атқан. Полиция онымен бірнеше сағат келіссөз жүргізген, бірақ ер азамат келісімге келмеген, ешқандай талап та айтпаған. Кейін пәтердің терезесіне секіріп кетіп, қаза тапты.