Коронавирус жұқтырғандарда Альцгеймер ауруының даму қаупі бар. Аурудан айыққан орта жастағы адамдар (40-50 жас) инфекцияның салдарынан өмір бойы өкпенің фиброзынан, шаршау және психологиялық зақымнан зардап шегуі мүмкін. Ұлыбританияның ұлттық денсаулық сақтау қызметінің мамандары осылай деп мәлімдеді.
Ұлыбританиялықтардың 10 пайызында ауруханадан шығар кезде жүректің қатты зақымдануы анықталған. Профессор Питер Опеншоудың айтуынша, қарқынды терапиядан өткен науқастарға орташа есеппен толық қалпына келуі үшін бір жыл қажет болады. Тек кейбірі ғана толыққанды өмірге оралмайды.