Коронавирустың негізгі тасымалдаушылары – балалар. Оны АҚШ-тағы Массачусетс жалпы ауруханасы мен Массачусетс балалар ауруханасының мамандары анықтады. Бұл туралы Journal of Pediatrics журналында жарияланған мақалада жазылғандеп хабарлайды ktk.kz.
Зерттеуге 0-ден 22 жасқа дейінгі 192 бала мен жасөспірім қатысты, оның 49-да COVID-19 анықталды, тағы 18-і кейінірек ауырып қалды. Ауруды жұқтырған балалардың ауа жолдарындағы вирустың деңгейі COVID-19-ды емдеуге арналған реанимация бөлімшелеріне жатқызылған ересектерге қарағанда едәуір жоғары екені белгілі болды.
Бұл – вирустың сау адамға берілуінің негізгі факторы. Зерттеушілер балалардың SARS-CoV-2-ге иммундық рецепторлары аз, бұл аурудың таралуы немесе дамуы ықтималдығын азайтады деген пікірге қарсы шықты.