Қазақстанда бірқатар өңір коронавирус таралуы бойынша “сары”, қалғандары “жасыл” аймақта тұр.
5 қаңтардағы эпидемиологиялық жағдай бойынша:
“сары” аймақта – Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Атырау облысы;
қалған өңірлер “жасыл” аймақта; “қызыл” аймақта бірде-бір өңір жоқ. Ұзақ уақыт бойы Теңіздегі жағдай бойынша Атырау облысы болған еді.
Өткен тәулікте Теңіз кен орнында 144 жұмысшыдан COVID-19 инфекциясы анықталған. 700-ден астам адам Теңіздегі инфекциялық стационарда коронавирустан емделіп жатыр. Бұл жөнінде Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Еске сала кетсек, коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында Теңіз кен орнында жедел штаб құрылып, карантин шаралары күшейтілді. Теңіз кен орнына кіретін және одан шығатын орындарға бекеттер қойылды.