Әлем ғалымдары коронавирустық пневмонияны сәулелік терапиямен емдеуді ұсынды. Бұл туралы “Известия” хабарлады. Канададағы Джек Ади онкологиялық орталығының медициналық физика бөлімінің ғалымдары рентген сәулелерінің төмен дозаларының пневмониядан болатын өлім-жітімді орташа есеппен 20 пайызға төмендету мүмкіндігі туралы мәлімдеген.
Ал жануарларға жүргізілген сынақтар пневмонияның жедел кезеңі екі есе қысқаруы мүмкін екенін көрсеткен. Бұл әдіс АҚШ-та коронавирус жұқтырған 10 науқасқа жүргізіліпті. Нәтижесінде жұқтырғандар үш күннің ішінде өздерін жақсы сезінген.