Беларусьте бейбіт наразылық шаралары өтті

Беларусьте бейбіт наразылық шаралары өтті. Тәртіп сақшылары ешкімді тұтқындамады. Минскіде олар қала орталығынан түрлі көшенің бойымен жүрді. Жүз адамнан топтасты, көбі – әйел адамдар. Олар ақ киім киіп, қолдарына гүл ұстады. Бүгінде гүл – Беларусьтегі наразылықтың символы. Оларға дәрігерлер, мемлекеттік филармония қызметкерлері қосылды.

Олардың қолында “Біздің дауысымызды ұрлады” деген плакаттар болды. Минск, Гродно, Жодино және басқа қалаларда бейбіт шараға шыққандарды қолдап, бір уақытта бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Олар кәсіпорын басшылары мен атқарушы билікке тұтқындалғандарды босатуды талап етті. ІІМ басшысының орынбасары – қоғам қауіпсіздігі милициясының басшысы Александр Барсуков Минскіде шара кезінде ұсталғандарды босататынын мәлімдеді.