Халықаралық ұйымдардың басшылары жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтты

Әлем елдерінің, халықаралық ұйымдардың басшылары мен премьер-министрлері жарылысқа байланысты Ливан халқына көңіл айтып, шұғыл көмек көрсетуге дайын екендерін білдірді.

Еске сала кетейік, 4 тамызда Ливанның әскери-теңіз күштері (ӘТК) базасына жақын Бейрут порты ауданында жойқын жарылыс болған еді. 5 тамыз күні Бейрут уақытымен сағат 00:30-да Ливанның Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Хасан жарылыстан қаза тапқандар саны 70-ке жеткенін, 4 мыңға жуық тұрғын жарақат алғанын хабарлады. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.