Ливан премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылыстын себебін айтты

Ливан премьер-министрі Хассан Дияб Бейрут портындағы жарылысқа алты жыл бойы 2750 тонна аммиак селитрасын дұрыс сақтамау себеп болғанын айтты.

Сонымен қатар, Ливан премьері оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруды ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.. Олар 48 сағаттың ішінде апат себебін анықтап, кінәлілерді жариялау керек. Иорданияның сейсмологтары жойқын жарылыстың күші магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісінің қуатымен бірдей болғанын айтады.