Әлемде жаңа пандемия пайда болуы мүмкін

Ол Сібірдегі «зомби-вирустардың» немесе Мафусаил микробтарының штаммдарынан туындайды дейді ғалымдар. Бұл туралы The Guardian сайтында хабарланды. Ғалымдардың пікірінше, ежелгі Сібір вирустарының оянуы жаһандық жылынуға байланысты болмақ. Роттердамдағы Эразмус медициналық орталығының вирусологы Марион Купманс мұзда қатып қалған вирустардың полиомиелиттің ежелгі түрін тудыруы мүмкін екенін айтты.