Алматы облысындағы LRT құрылысы бойынша түрік инвесторымен меморандумға қол қойылды

Компания Қаскелең-Есік-Талғар-Алматы-Ұзынағаш бағыты бойынша жеңіл рельсті көлік жүйесін іске қосуды жоспарлап отыр. Талғар мен Қаскелеңде автотұрақ болады, онда LRT арқылы Алматыға дейін жеткісі келетіндер көліктерін қалдыра алады. Бұл Алматыдағы көлік кептелісін азайтуға септеседі. Айта кетейік, қалаға күніне 300 мың адам кіреді. Түрік компаниясы шілде айында техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге кіріседі. LRT ұзындығы – 80 шақырым, ал Алматы мен Қонаевты қосқанда 150 шақырымға тең.