Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына Бас прокурор Берік Асыловтың жауабында айтылған. ««Онлайн-платформалар жəне онлайн-жарнама туралы» заң жобасы əзірленді. Ол бүгінде мемлекеттік органдармен келісілген жəне Парламент Мəжілісінің қарауында. Заң жобасында инфлюенсер (блогер) – айқындалмаған тұлғалар тобына арналған, оның ішінде қоғамда жекелеген пікірлерді қалыптастыруға ықпалы бар ақпаратты онлайн-платформаларда тарататын адам ұғымы енгізілуде», – деді Бас прокурор Берік Асылов.