Қазақстандықтар арасында бетпердеге кірген моргеллон құрттарды өлтіру үшін сутегі тотығын ішу керек деген ақпарат тарап жатыр. Ондай шара денсаулыққа зиянды, тіпті, өлімге әкелуі мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде моргеллон құрттарын құртуға арналған “ақыл-кеңестер” тарады. Орыс тіліндегі ақпаратта пероксидті ішу керек деп жазылған.
“Моргеллондар және олардың жою туралы маңызды ақпарат! Пероксид – бұл 3 проценттік сутегінің тотығы. Онымен бетпердені өңдеу керек. Сосын бір стақан суға 3 тамшы қосып, ішке қабылдаған дұрыс. Содан күнде бір тамшыдан қосасыз. Осы курсты 3 күннен кейін тағы қайталау қажет”, – делінген хабарламада. Желіде кейбір қолданушылар осы әдісті көптен бері пайдаланып жүргенін де жазды. Алайда ондай “ем” денсаулыққа көмектесуден бұрын зиянын тигізеді. Тіпті өлімге әкеліп соқтыруы мүмкін. Сутегі тотығын мүлдем ішуге болмайды.