Алматыда ақпаннан бері қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Алматыда коронавирусқа қарсы вакциналау басталғалы 75 мыңнан аса адамға екпе егілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, қалада вакцина салдыруға болатын 200 пункт жұмыс істеп тұр. Бір тәулікте қалада 6 140 адам вакцина алды. Бірінші ақпаннан 11 сәуірге дейін қала бойынша 75 660 адам вакцина салдырды. Оның ішінде 14 800 қала тұрғыны вакцинаның екі компонентін де алды. Вакцина салдыру бойынша алдыңғы қатарда Бостандық ауданы тұр, мұнда 15 мыңнан аса адам екпе ектірді, ең аз адам Жетісу ауданында тіркелді.