Ливия жағалауында босқындар мінген қайық аударылып, 130-ға жуық адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Тенгриньюз кз. соңғы 48 сағат ішінде Ливия жағалауында апатқа ұшыраған үш қайық туралы хабарлама келген. Жерорта теңізіндегі құтқару операциясына ауа райының қолайсыздығы кедергі келтірген. Іздеу аймағындағы толқындар биіктігі алты метрге дейін жеткен. Басылым мәліметіне сүйенсек, барлық еуропалық билік іздеу жұмысын үйлестіру жауапкершілігінен бас тартқан. Айта кетейік, Ливия Африка елдерінен келген босқындарға негізгі транзиттік орын.