Комитет прокуратура және полиция органдарының көмегімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді. Терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адам қамауға алынды,- деді ҰҚК баспасөз қызметі. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.