Ұлттық қауіпсіздік комитеті діни радикалдырды ұстады

Комитет прокуратура және полиция органдарының көмегімен Астана, Шымкент қалаларында және Ақтөбе облысында діни радикалдар әрекеттерінің жолын кесу бойынша операциялар өткізді. Терроризмді насихаттады және қаржыландырды деген күдікпен үш адам қамауға алынды,- деді ҰҚК баспасөз қызметі. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.