Ұлттық экономика министрі – ҚҚС көтерілсе де, тұрғын үй бағасы өспейді

Ұлттық экономика министрі – ҚҚС көтерілсе де, тұрғын үй бағасы өспейді
Алматыда өткен жиында ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығының көтерілуі тұрғын үй бағасына әсер етпеуі керек деді. «Олар бұл өзгерістен кейін тұрғын үй бағасы көтеріледі деп болжайды. Өткен жылы біз алғаш рет 18 млн 900 мың шаршы метр үй салдық. Мұндай Қазақстанда болмаған. Барлық құрылыс компаниялары қатысты, бірақ әрине, алдымен елдегі тұрғын үй бағдарламасының аясында орындалды. Осы жылы 19 млн шаршы метр үй салу жоспарланып отыр. Үй бағасын қымбаттату бізге керек емес. Және олай болмайды деп болжап отырмыз», – деді министр. Жұманғаринның сөзінше, қазір салық көтерілуіне қатысты заң жобасы үкімет, Президент әкімшілігі деңгейінде талқыланып жатыр.