Қазақстанның мемлекеттік қарызы ұлғайып жатыр

Қазақстанның мемлекеттік қарызы ұлғайып жатыр
Қазақстанның мемлекеттік қарызы 64 млрд долларды құрайды. Оның ішінде 57 млрд доллары – үкіметтің борышы. Бұл туралы Қаржы министрлігі жариялаған құжатта жазылған. Негізінен Қазақстанның сыртқы борышы халықаралық қаржы ұйымдарына тиесілі. Мәселен, Халықаралық қайта құру банкінен 3 млр доллар, ал Азия Даму банкінен 1,6 млр доллар қарыз алған. Одан бөлек Азия Инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 877 млн доллар, Қытай Халық Республикасының Экспорттық-импорттық банкінен 201 млн доллар, шетелдік коммерциялық банктерден 200 млн доллар борыш алынды. Қаржы министрлігі Ресейдегі қор биржасына да құнды қағаздарын орналастырып, 571 млн доллар қаражат тартқан.