Лукашенко Украинамен шекараны жабуды бұйырды. Елдің авторитар билеушісі “қауіпсіздікті” сылтауратып, осындай жарлық шығарды. Бұған қоса ол елде Батыспен байланысы бар “террористік” астыртын ұйымдар әшкереленгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Беларусь аумағына “өте көп мөлшердегі” қару-жарақтың ағылып келіп жатыр. Украина сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы билік көрші постсоветтік елдің ішкі ісіне араласпағанын және ондай жоспары да жоғын мәлімдеді. Батыстың қосымша санкциялары салынып жатқан шақта Лукашенко еш айғақ-дәлелсіз осындай айыптаулар айтып отыр. Айта кетейік, Еуропаның бір елінен екіншісіне ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағын мәжбүрлі түрде қондырып, ондағы оппозициялық блогерді тұтқындағаннан кейін Батыс елдері Минскіге қарсы шаралар қабылдаған. Лукашенко батыстағы “ұйымдардың” мақсаты “елдегі билік режимін күшпен өзгерту” деп отыр.