Вакцина алмаған қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін кәсіпкерге айыппұл салынбақ

Вакцина алмаған қызметкерді жұмысқа кіргізгені үшін кәсіпкерге айыппұл салынбақ. Оның сомасы – 1,5 млн теңге. Маманның өзі де 15 мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев осылай деп мәлімдеді. Кәсіпкерлер болса міндетті вакцинациялау мерзімін ауыстыруды сұрап отыр. Мұндай өтінішті Қоғамдық тамақтану қауымдастығы жасаған. Олардың дерегінше, қоғамдық тамақтану саласында 2 млн қазақстандық жұмыс істейді. Рестораторлар олардың бәріне 15 шілдеге дейін вакцина салу мүмкін емес деп есептейді. Мерзімді ең болмағанда 1-15 қыркүйекке дейін созу керек, – дейді Қоғамдық тамақтану қауымдастығы басшысының кеңесшісі Вероника Нұрпейісова. Еске сала кетейік, Қазақстанның бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына бағынбай, вакцина салдырмаған немесе 7 күн сайын ПТР тестіден өтпегендердің жұмыс істеуіне жол берген басшылар үшін Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 462 немесе 425 бабына сәйкес жаза қарастырылған.