Олардан жауынгерлік және травматикалық тапаншалар мен патрондар тәркіленді. ” Полиция қызметкерлері алтын кенін заңсыз өндірумен айналысқан 30 және 41 жастағы жеті ер адамды ұстады. Оқиға орнынан экскаватор, су айдауға арналған құбырлар мен шлангтар, бір бөшке жанармай және 83 қап алтын кені тәркіленді”, – делінген хабарламада. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер осы қылмысты ұйымдастыруға қатысты 23 және 34 жастағы екі ер адамды ұстады. Қазір соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.