Алматыда үш күн қатарынан жауған жаңбырдан көшелерді су басты

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды. Әлеуметтік желіде нөсер салдары түсірілген видеолар тарады. Әкімдік өкілдері қалада жаңбыр, Шымбұлақта 20 сантиметр қар жауғанын айтты. “Су басу туралы арыз-шағымдар тіркелген жоқ. Дегенмен, проблемалық аймақтарда, әсіресе Райымбек батыр даңғылынан төмен жерлерде арық желілерінің толып кету деректері бар. Әрбір фактке қатысты суды бұру бойынша жедел шаралар қабылданды”, – деді әкімдік өкілдері.