“Мәңгіге қал деді” – Назарбаев президенттіктен кеткені туралы

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Оливер Стоунның “Qazaq. Алтын адамның тарихы” атты сегіз сағаттық деректі фильмінде президент қызметінен кеткені туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. “Толықтай кеткім келген. Маған “мәңгіге қал” деді. Қалмаймын, сайлау өткізейік, мен Қауіпсіздік Кеңесінде қалуға, саяси партияда қалып, осы арқылы елдің даму процесіне қатысуға әзірлігімді айттым. Олар келісті. Конституциялық заң қабылдады. Осы заңдар бойынша қызметімді жасап отырмын”. “Елді жаңа Президент басқарып отыр. Араласпаймын. Кедергі болмаймын. Керісінше, кеңесші ретінде қажетіне қарай көмектесемін. Билік Президентте. Оның құзыреті Конституцияда жазылған” – деді елбасы.