Мүлік салығын екінші рет төлеу қажет пе? Бұл салықты төлеп қойған қазақстандықтарға коммуналдық төлем шоты арқылы тағы да төлеу керектігі туралы хабарлама келіп жатыр. Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпаратынша, мүлік салығы жылына бір-ақ рет төленеді. “Егер сіз 2022 жыл үшін мүлік салығын биыл төлеп қойсаңыз, екінші рет төлеудің қажеті жоқ. Себебі ол жылына бір-ақ рет, осы жылдың 1 қазанына дейін төленеді. Егер сіздің бірнеше жылжымайтын мүлкіңіз болса, салықты әр мүлік бойынша төлеуіңіз керек”, – деп түсіндірді салық органдары.