“Болашақтың сәулетшілері” қорының жетекшісі сотталды

“Болашақтың сәулетшілері” қорының жетекшісі сотталды. Марат Әбиев 2022 жылдың 26 қарашасында президенттің инаугурациясы күні түнгі клубқа 300-ден астам адамды жинап, Ақордаға митингіге шығуға шақырған. Сондай-ақ бизнесмен 2021 жылы заңды тіркеусіз Genezis қауымдастығын құрып, Қазақстанда 15-тен астам филиалын ашқан. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 5 жыл мерзімге қоғамдық бірлестіктер құру және басқаруға байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.