Жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге біржола тыйым салатын заң жобасын Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Яғни еліміздің кейбір заңдарына жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл заң жобасы шетелдіктердің және Қазақстан азаматтығы жоқ адамдардың жерді пайдалануына тыйым салады. Сондай-ақ шетелдік үлесі бар кәсіпорындар мен қандастар ауыл шаруашылығы жерлерін ала алмайды. Тарихи отанына оралған қандастарымыз азаматтық алғаннан кейін ғана жерді пайдалана алады. Жер қатынастарын реттейтін заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен жасалды. Айта кетейік, елімізде ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға болатын 129 млн гектар жер бар.