Forbes: Қазақстанда тағы үш миллиардер пайда болды

фото:Азаттық радиосы

6 сәуірде америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жаңа тізімін жариялады. Оған тұңғыш рет Kaspi.kz негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе мен Вячеслав Ким, Freedom Finance тобының жетекшісі Тимур Турлов енген. Қазақстанда ең бай алты адамның ішінде Владимир Ким бірінші орында тұр. Елдегі ең ірі мыс өндіруші компания “Қазақмыс” корпорациясы жетекшісінің байлығын журнал 4,6 млрд долларға бағалаған. Әлемдік тізімде 622-орында тұр. Оның байлығы былтырдан бері 900 млн долларға артқан. Ал әлемдік деңгейде бірінші және 2 орында Джефф Безос пен Илон Маск тұр. Олардың байлығы сәйкесінше, 177 млрд пен 155 млрд долларға бағаланып отыр.