Коронавирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин аурудан айықты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
Еске салайық, Нұрлан Нығматулин 16 наурызда тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсеткен. Кейін Мәжіліс төрағасы оқшауланған еді.
Айта кетсек, коронавирус симптомсыз түрде өткен.