Қазақстанда тағы 1,5 мың адамнан COVID-19 анықталды

1 шілдеде Қазақстанда 1509 адамнан коронавирус анықталды. Оның 981-інде аурудың клиникалық белгілері байқалмаған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Ресми дерек бойынша, вирус жұқтырғандардың жалпы саны 42574-ке жетті.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирустан 188 адам қайтыс болған. Үкімет COVID-19 өлімін 30 маусымнан бері жаңартпады. Кісі өлімі жөніндегі дерек соңғы рет 29 маусым өзгерді. Оған дейін күніне он шақты кісі өлімі хабарланып отырған.