Олар түзетулерге қазақстандықтар мен шетелдік қатысуы жоқ заңды тұлғаларға ғана жеке орман өсіру үшін жер беруге рұқсат ететін норманы енгізді. Сондықтан сенаторлар түзетілген құжатты Мәжіліске жіберуді ұйғарды.Еске сала кетейік, Жер қатынастары туралы заң жобасында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық қатысу үлесі бар ғылыми орталықтарға,қандастарға беруге толықтай тыйым салу көзделген. Сенат Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағына өзгеріс және 128-бабы 4-тармағының бірінші абзацына толықтыру енгізген болатын. Жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ заңды тұлғаларға беру туралы өзгеріспен толықтырылды.