Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Басқарма мәліметінше, өткен тәулікте қала бойынша 6 037 адам вакцина салдырған. Ал ақпанның 1-нен бері жалпы вакцина алғандар саны 232 295 адам. Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды, 40 көшпелі мобильді бригада іске қосылған.