Маңғыстау облысында соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстың Маңғыстау облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді. Осы уақытқа дейін облыста COVID -19 вирусын жұқтырған 3334 адам тіркелді. Олардың ішінде 74-і медицина қызметкерлері.