2021 жылы Токиода олимпиада ойындары өтеді

2021 жылы Токиода олимпиада ойындары өтеді. Бұл туралы Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ойындар келер жылдың 23 шілдесінен басталмақ. Токио олимпиадасының тақырыбы коронавирусты жеңген ойындар болады деді вице-президент. Айта кетейік, биыл өтуі керек жазғы олимпиада ойындары әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты уақыты шегерілген еді.