Олар мұнай саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр. Аудан әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ереуілшілер түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Аудан әкімшілігі мәліметінше, 29 наурыздан бері Е-otinish бірыңғай порталы арқылы аштық жариялау түріндегі наразылық акциясына барлығы 13 өтініш келіп түскен. “Қазіргі уақытта өтініштер уәкілетті мемлекеттік органдарда қаралып жатыр. Жиналғандар мұнай саласына барлығын бірдей жұмысқа орналастыру мүмкін емес екенін мойындауы керек. Басқа салаларда жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Жұмыссыздар әкімдік ұсынған жұмыстан бас тартып жатыр”, – деді аудан әкімдігі.