Маңғыстауда педофил өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Маңғыстау облыстық соты осындай үкім шығары. Сот жабық тәртіпте қаралды деп хабарлайды “Лада” басылымы. “Сот сотталушы танысының пәтеріне мас күйде былтыр 28 мамырда түнгі уақытта келгенін анықтады. Жәбірленушінің анасының жоғын біліп, кішкентай баланың дәрменсіз жағдайын пайдаланды. Сотталушы баланың бетінен және басынан бірнеше рет ұрып, физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп қана қоймай, балаға жыныстық сипаттағы әрекеттер жасады”, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі. Қылмыстық құқықбұзушылықтар жасалған кезде сотталушының мас болуы жазаны ауырлататын мән-жай деп танылды. Қорғаушы наразылық білдірмесе немесе шағымданбаса, үкім заңды күшіне енеді. Бақ мәліметтерінше, сотталушы 36 жаста, жәбірленуші 10 жаста. Дегенмен ер адам сотта кінәсін мойындамады. Айта кетейік, былтыр Қазақстанда балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы шешім шықты. Маңғыстау судьялары осы түзетуді пайдаланды.