Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылмақ

Алматыда әлеуметтік қызметтер үйі ашылмақ. Ол жерде алматылықтар “бір терезе” қағидасы бойынша 42 мемлекеттік және 7 мемлекеттік емес қызмет түрін ала алады. Қала әкімінің баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Әлеуметтік қызметтер үйінің бірінші қабатында әлеуметтік әл-ауқат, тұрғын үй саясаты басқармасы, халықты жұмыспен қамту орталығы, азаматтарға арналған мемлекеттік корпорация, көші-қон полициясы, БЖЗҚ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарының қызмет көрсету аймағы орналасады. Жоғары қабаттарында салалық басқармалары болады. Достық даңғылындағы орталықтың ашылу күні әлі нақтыланбады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, қазір ғимаратта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.