Маңғыстау облысында 100 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат етілді. Бұл ретте іс-шараға қатысушылардың Ashyq қосымшасындағы мәртебесі “жасыл” болуы керек. Бұл туралы Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі жаңа жылдық корпоративтерді өткізуге қойылатын талаптар әр өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын хабарлаған еді. Ережені әр облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бекітеді. Рұқсат етілген жағдайда шараның неше адамға есептелгені есепке алынуы тиіс. Маңғыстау облысының бас санитарлық дәрігері брифинг барысында өңірдің “жасыл” аймақта екенін, соған байланысты жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтті