Қырғызстан ҰҚМК: Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасады, оған жаңа айып тағылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жақында Ақаевтың әріптесі Бекболот Талғарбеков бұрынғы мемлекет басшысынан барлық айыптау алып тасталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді. Сонымен қатар, Асқар Ақаевқа 1992 жылы “Камеко” компаниясымен бас келісім жасасу және 2003 жылы “Құмтөр” жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша жаңа айып тағылған.

“Асқар Ақаев қылмыстарды жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындағанын және тергеумен белсенді түрде ынтымақтасатынын, ал оның елден тыс жерге кетуі тергеушімен, сондай-ақ оның Бішкекке келуімен алдын ала келісілетінін ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр және “Құмтөр” жобасын іске асыруға байланысты қылмыстарды жасаудың басқа да деректері анықталады, ал жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша іс фигуранттарына тиісті заңдық баға беріледі”, – деп түйіндеді ҰҚК өкілі.